Knowledge
Терең таным, саналы оқу
Жаттауға емес, түсініп оқуға баулимыз
@petya_english пен @iriska_kanfeta K.E.R.N. School-ға екі рет келіп үлгерді. Келесі жолы олар мектепке жай ғана қонақ ретінде емес, оқушылармен жеке танысу үшін келеді.
Терең таным, саналы оқу
Жаттауға емес, түсініп оқуға баулимыз
Нәтижеге бастайтын еңбек пен тәртіп
Тәртіп пен нәтижелілікті дамытамыз
Құрмет — ішкі ұстаным
Үлкенге құрмет, тамыр, мәдениетке тағзым
Ойы мен ісіндегі тектілік
Ішкі жауапкершілікті қалыптастырамыз
Барлық үй тапсырмасы – мектепте орындалады
Барлық үйірмелер мен секциялар – мектеп ішінде
Барлық ауыр оқулықтар – мектепте сақталады










Халықаралық бакалавриат бағдарламасын енгізу
Дамыған soft skills және білім алуды үйрену қабілеті
British Curriculum (британдық оқу бағдарламасы)
Мықты академиялық негіз және сыни ойлау
British Curriculum (британдық оқу бағдарламасы)
Емтихан тапсыру дағдысы және портфолиоға негіз
British Curriculum (британдық оқу бағдарламасы)
Дайын портфолио және әлемнің үздік университеттеріне түсу мүмкіндігі
Сайттағы қарапайым форманы толтырыңыз - бұл қабылдауға алғашқы қадам. Осыдан кейін біздің команда сізбен байланысып, мәліметтерді нақтылап, сұрақтарыңызға жауап береді.
Бұл кезеңде біз дайындық деңгейін бағалап, үміткермен жақынырақ танысамыз. Бұл оның мықты жақтарын анықтап, оңтайлы білім беру бағытын таңдауға көмектеседі.
Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін құжаттар рәсімделеді. Сіз оқуға қабылдануды растап, бағдарламаның бір бөлігі боласыз.
K.E.R.N. School мектебінің ресми ашылуы 2026 жылдың 1 тамызына жоспарланған. Қазірдің өзінде ата-аналар сату бөліміне келіп, мектеп тұжырымдамасымен таныса алады және қабылдау тестілеуінен өтуге өтінім бере алады.
Толық күн мектебі — бұл баланың таңнан кешке дейін мектепте болуын қарастыратын оқыту форматы. Күн бойы оқушылар негізгі сабақтардан өтеді, үй тапсырмасын орындайды, үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша сабақтарға қатысады. Бұл үйдегі оқу жүктемесін азайтуға және отбасымен демалуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Әр сыныпта 20 оқушыға дейін білім алады. Мұндай формат мұғалімге әр балаға барынша көңіл бөлуге және білім берудің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар үшін оқу күні бойы теңгерімді (балансталған) тамақтану ұйымдастырылған. Мәзір балалардың жас ерекшеліктеріне қарай нутрициологпен бірлесіп әзірленген. Оның құрамына ыстық тағамдар, пайдалы жеңіл тағамдар (перекустар) мен сусындар кіреді.
Оқушыларға қосымша білім берудің түрлі бағыттары қолжетімді: спорт, жүзу, робототехника, шығармашылық және дамытушылық үйірмелер. Секциялар тізімі балалардың қызығушылықтары мен ата-аналардың сұраныстарына қарай кеңейтіліп отырады.
Оқуға түсу процесі ата-аналарға арналған кеңес беруден (консультациядан) басталады. Содан кейін бала психологпен әңгімелесуден және негізгі пәндер бойынша қабылдау тестілеуінен өтеді. Бұл оқушының дайындық деңгейін, оның күшті жақтарын және мектепте оқуға дайындығын анықтауға көмектеседі.
Иә. K.E.R.N. School мектебінде оқушыларға шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін KERN Pathways жүйесі жұмыс істейді. Оқушылар жобаларға, олимпиадаларға, көшбасшылық және волонтерлік бағдарламаларға қатысу арқылы мықты портфолио қалыптастырады. Олармен бірге балалардың қызығушылықтарын анықтауға және болашақ мамандықты таңдауға көмектесетін кәсіби бағдар беруші (профориентолог) жұмыс істейді. Сонымен қатар, оқушылар мамандықтарды іс жүзінде көріп, олардың ерекшеліктерін жақсырақ түсінуі және өз болашағын саналы түрде таңдауы үшін әртүрлі салалардағы компаниялар мен ұйымдарға экскурсиялар ұйымдастырылады.
Мектепте заманауи қауіпсіздік шаралары қарастырылған: қолжетімділікті бақылау жүйесі (турникеттер), бейнебақылау, оқушыларды алып жүру және мектеп қызметкерлері тарапынан тұрақты бақылау.
Иә. Бір отбасынан бірнеше бала оқыған жағдайда, екінші және одан кейінгі әрбір баланың оқу ақысына жеңілдік беріледі. Толық ақпаратты K.E.R.N. School сату бөлімінен білуге болады.